Айдын Смағұлов: Қазақ елінен кешірім сұраймыз

Айдын Смағұлов: Қазақ елінен кешірім сұраймыз

Дзюдодан Ұлттық құраманың бас бапкері Айдын Смағұлов Prosports.kz тілшісіне берген сұқбатында Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өткен әлем чемпионатын қорытындылап берді.

Айта кетейік, біздің спортшылар әлем біріншілігінде екі жүлдені жеңіп алды. Атап айтқанда, <span>66 келіге дейінгі балуанымыз Ерлан Серікжанов күміс жүлдені қанжығаласа, 48 келіге дейінгі салмақта белдескен Галбадрах Отгонцэцэг үздік үшіктен көрінді. Осылайша, </span><span>Қазақстан құрамасы күміс және қола жүлдемен медаль кестесінде 124 елдің ішінде 12-інші орынға жайғасты. </span>

«Әлем чемпионатында 60 келіде Елдос Сметов боз кілемге шыққан жоқ. 66 келі салмақта Елдос Жұмақанов бұл додаға бармады. Екі Елдостың да кішігірім жарақаттары бар. Әйтпесе, бұл жігіттердің барған жерінде жүлдесіз қайтпайтынын барлық жанкүйерлер жақсы біледі. Бірақ қазақ елінен, жанкүйерлерден әлем біріншілігінен алтын алып келе алмағанымызға кешірім сұраймыз. Дегенмен күміске де қанағат етеміз.

<h4>Ерлан Серікжанов: Ендігі мақсат - олимп шыңын бағындыру</h4>

Несін жасырамыз, төрешілер тарапынан қателіктер кетті. Ислам Бозбаев әділетсіз жеңілді. Бірақ бұл туралы қазір айтудың еш мәні жоқ. Келесі жолы төрешілер тарапынан мұндай әділетсіздікке жол бермеу үшін бір емес, екі «ваза-ари», «иппон» жасайтын боламыз. Әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалдық. Алайда жыл басынан бері басты назарда Әлем біріншілігі емес, Азиада болды. Төрт жылда бір рет өтетін Азия ойындарында бір алтын, күміс және қола жүлдені алуды жоспарладық. Нәтижесінде алтын мен қоланы қанжығаладық. Сондай-ақ командалық есепте күмісті жеңіп алдық. Жоспарды толығымен орындадық десек болады. Ал әлем чемпионатында бір алтын мен қола аламыз деп ойладық. Алайда алтынның орнына күміс жеңіп алдық. Бұл да жақсы нәтиже.

Әлемнің 125 елінің спортшылары бақ сынады. Үздік бестікке үлкен державалар да кірмей қалды. Ал Қазақстан 12-шы орынға жайғасты. 2020 жылғы Токио Олимпиадасына екі есе қарқынмен дайындаламыз.

Жалпы алғанда дзюдошыларымыз әлем чемпионатында жақсы өнер көрсетті. Болашақта елімізге үлкен додалардан алтын жүлделерді алып келеміз деген ойдамыз. Алдымызда 2020 жылғы Олимпиада ойындары. Балаларымыз мойындарына алтыннан алқа тағынып, елге оралатынына сенеміз», - деді бас бапкер. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или