Дзюдодан ӘЧ: Аралас командалық сында Қазақстан Ресейден ұтылды
Бүгін Әзірбайжан астанасында дзюдодан лицензиялық әлем чемпионаты аяқталады. Соңғы жарыс күнінде аралас командалық жекпе-жек өтуде. Бұл туралы Olympic.kz жазды.
Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы алғашқы айналымнан аса алмады. Ресей құрамасына қарсы шыққан біздің спортшылар 0:4 есебімен жеңіліске ұшырады.
73 келідегі Жансай Смағұлов, 70 келідегі Аелита Щербакова, 90 келідегі Ислам Бозбаев және ауыр салмақтағы Камила Берликаш ресейлік қарсыластарына жол берді.
Осылайша, дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан 1 күміс және 1 қола медаль иеленді.
48 келідегі Галбадрах Отгонцэцэг қола, 66 келідегі Ерлан Серікжанов күміс жүлдегер атанған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или