МӘССАҒАН
Басқа

Кубик-рубик құрастырудан әлем чемпионаты өтті

Кубик-рубик құрастырудан әлем чемпионаты өтті
news-banner7
mobile-news-top

АҚШ-тың Бостон қаласында Рубик кубигін жылдам құрастырудан әлем чемпионаты ұйымдастырылды.

Сайыс қорытындысы бойынша төрт түрлі дәрежедегі жеңімпаздар анықталды. Жалпы халықаралық додаға іріктеу жарты жыл бойы 15 елде өткізілген. Жеңімпаздар төрт түрлі аталымда марапатталды. Атап айтқанда, Рубиктің кубигін шапшаң жинау, бір ғана қолмен жинау, берілген қалыпқа қайта келтіру және әйелдер арасындағы ең шапшаң құрастыру.

Еске сала кетсек, әйгілі кубик-рубик ойыншығын 1974 жылы венгриялық архитектор, профессор Ерно Рубик ойлап тапқан. Содан бері әлемде 350 миллион кубик-рубик сатылған.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер