Смағұлов қола медаль ала алмады

Смағұлов қола медаль ала алмады

Дзюдодан Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында 73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жансай Смағұлов жүлдесіз қалды.

Жарыс барысында Жансая алдымен перулік Алонсо Вонгпен кездескен. Кейін қазақстандық дзюдошы швейцариялық Нильс Стамп, черногориялық Никоалй Гордашнвич және косоволық Акил Гьяковпен белдесті.

Шешуші жекпе-жекте Жансай жапониялық Соичи Хашимотодан ұтылып қалды. Ал жұбаныш белдесуінде моңғолиялық Ганбаатар Одбаярмен кездесіп, оған да жол берді.

Осылайша, Смағұлов биыл әлем чемпионатының жүлдесіне бір ғана қадам қалғанда сүрінді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или