Жансай Смағұлов жұбаныш белдесуінде жеңілді
Бакудеге әлем чемпионатында қазақстандықтар бүгін жүлдесіз қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚР ҰОК порталына сілтеме жасап.
73 келідегі команда үздігі Жансай Смағұлов жұбаныш белдесуінде моңғолиялық балуаннан ұтылып қалды.
Смағұлов топтық кезеңде Швейцария, Черногория, Косова балуандарын жеңіп, жапондық Соичи Хашимитодан жеңіліс тапқан болатын. Алайда, жұбаныш белдесуінде моңғолиялық Галбатар Олдбайардан "юко" әдісімен жеңілді.
Осы салмақта ел намысын қорғаған тағы бір спортшымыз Бекәділ Шаймерден мен 57 келідегі Севара Нышанбаевалар бірінші айналымнан аса алған жоқ.
Еске сала кетейік, Бакудегі әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды. 48 келідегі Галбадрах Отгонцэцэг қола, 66 келідегі Ерлан Серікжанов күміс жүлдегер атанған болатын.
ФОТО: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі