Ерлан Серікжанов дзюдодан әлем чемпионатында күміс медаль иеленді
Бүгін Қазақстан қоржынына 66 келіде белдескен Ерлан Серікжанов күміс медаль иеленді.
Серікжанов финалда жапондық балуан, әлем чемпионы және рейтингте екінші орында тұрған Абе Хифумимен белдесіп, жеңіліс тапты.
Бұл Ерлан Серікжанов қатысып отырған алғашқы әлем чемпионаты. Серікжанов әлемдік рейтингте 36-шы орында.
Бакудегі әлем чемпионатында Қазақстан әзірге екі медаль жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или