Дзюдодан ӘЧ: Ерлан Серікжанов жартылай финалға шықты
Дзюдодан Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында 66 келіде белдесетін Ерлан Серікжанов жартылай финалға өтті, деп хабарлайды<span> </span>Olympic.kz.
Серікжанов алғашқы айналымда Мозамбик спортшысын жеңді. Екінші кездесуде израильдік Барух Шмайловты, үшінші белдесуде молдовалық Вадим Бунесконы ұтты.
Ширек финалда моңғолиялық Ганболт Херленмен жолыққан Ерлан Серікжанов аса тартысты кездесуде 11:1 есебімен жеңіске жетті. Балуандар кездесудің негізгі уақытын тең есеппен аяқтаған соң, белдесу «алтын ұпайға» дейін жалғасқан еді.
Қуанышқа қарай, шешуші сәтте біздің спортшымыз «ваззари» ұпайын иеленіп, өз мансабында тұңғыш рет әлем чемпионатының жартылай финалына өтіп отыр.
Ерлан Серікжанов финал жолдамасы үшін израильдік Тал Фликермен жолығады.
Еске сала кетейік, Бакуде өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан әзірге бір медаль жеңіп алды.
48 келідегі Галбадрах Отгонцэцэг қола медаль иегері атанған болатын.