ГЛАВНАЯ
Ресейлік футболшы «күдікті» автогол үшін командадан шығарылды
Ресейлік футболшы «күдікті» автогол үшін командадан шығарылды
Ресейдің үшінші дивизионында ойнайтын «Титан» ФК команда футболшысы Аршен Цаголовты клубтан шығарып жіберді.
Ол «Металлист» командасына қарсы матчта бір түрлі автогол соқты. «Титан» бұл ойында 1:7 есебімен жеңіліп қалды. Цаголов 90-минутта допты өз қақпасына теуіп жіберген. Оның алдында ол өз командасына пенальти алып келген болатын.
Бұл ойында букмекерлік кеңселерде екінші таймда үш немесе одан да көп гол соғылады деген бәстер көп қойылған екен. Ал Цаголов екінші таймдағы үшінші голды өз қақпасына соққан. Сондықтан, Цаголов букмекерлік кеңсе үшін ойнады деген күдікпен командадан шығарылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или