Дзюдодан Қазақстан командасы Азия ойындарының финалына шықты
Азия ойындарының тарихында тұңғыш рет өтіп жатқан дзюдодан аралас командалық жарыста қазақстандық дзюдошылар финалға жолдама алды, деп хабарлайды prosports.kz.
<span>Жансай Смағұлов (73 келі), Ислам Бозбаев (90 келі), Севара Нишанбаева (57 келі), Зере Бектасқызы (70 келі) жартылай финалда Өзбекстан командасын 4:3 есебімен жеңді.</span>
<span>Осылайша, Қазақстан аралас командасы финалға шықты. Ақтық сында олар Жапония-Қытай жұбының жеңімпазымен кездеседі.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или