Азиада-2018. Ислам Бозбаев қола медальдан қағылды
Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев Азиаданың қола медалі үшін белдесуде жеңіліп қалды.
90 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін отандасымыз Тәжікстан өкілімен кездескен. Тәжік дзюдошысы вазари жасап, қола медальға қол жеткізді.
Осылайша, Бозбаев Азия ойындарының жүлдесінен қағылды.
Айта кетейік, дзюдодан Қазақстан құрамасы Азиадада еліміздің қоржынына үш медаль салды – 1 алтын (Дидар Хамза) және екі қола (Елдос Жумаханов, Галбадрах Отгонцэцэг).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или