Щеткин хет-трик жасап, «Астанаға» жеңіс сыйлады

Щеткин хет-трик жасап, «Астанаға» жеңіс сыйлады

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында ел чемпионы «Астана» біріншілік дебютанты «Қызыл-Жар СК» клубын қабылдады.

Еурокубокта сынға түсіп жатқан астаналық клуб бұл ойында алаңға қосалқы құрамын шығарды. Бірақ осы құрамның өзі петропавлдықтарды сенімді жеңуге жеткілікті болды.

Ойынның 13-минутында Алексей Щеткин матч есебін ашты. Ал тайм аяғында Щеткин қанжығасын екінші рет майлады. Елордалық шабуылшы екінші таймда тағы бір гол соғып, матч нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 3:0.

 

«Астана» - «Қызыл-Жар СК» 3:0

Голдар: Щеткин 13. 41, 72

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или