Азиада - 2018: Ел қоржыны тағы бір қола жүлдемен толықты
Бүгін Азия ойындарында күрес түрлерінен бәсеке аяқталады. Грек-рим күресінен 97 келіде ел намысын қорғаған Ерұлан Ысқақов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды<span> Олимпиада комитетінің ресми сайты.</span>
Ерұлан турнирді 1/8 финалдан бастап, Оңтүстік Корея өкілінен 1:6 есебімен ұтылған еді.
Қола медаль үшін күресте ол ирандық Әли Акбар Хейдаримен белдесіп, 10:0 есебімен жеңіске жетті.
Бұл грек-рим күресінен Қазақстан еншісіндегі үшінші қола медаль.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или