Күрес

Астана қаласында өтетін қазақ күресінен Азия чемпионатында шетелдік төрешілер төрелік етеді

Астана қаласында өтетін қазақ күресінен Азия чемпионатында шетелдік төрешілер төрелік етеді
news-banner7
mobile-news-top

26 тамызда Астана қаласында өтетін қазақ күресінен Азия чемпионатында шетелдік төрешілер төрелік етеді, деп хабарлайды Prosports.kz «Халықаралық қазақ күресі федерациясының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Чемпионатта 16 спорт төрешісі жұмыс істейді. Олардың арасында Қазақстан, Грузия, Өзбекстан, Литва, Украина төрешілері болады. Халықаралық дәрежедегі төреші Мақсат Ахметбековтың айтуынша Қазақстан атынан Азия чемпионатында сегіз төреші жұмыс істейді.

Қазақ күресінен чемпионатқа 20 мемлекеттен 80 спортшы қатысады. Жарыс 8 салмақтық және абсолюттік дәреже бойынша өтеді.

Қазіргі таңда Азия чемпионатына қатысуға Жапония, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолиия, Иран, Пәкістан мен Үндістан мемлекеттері өздерінің мықты деген спортшыларын дайындап отыр.

Айта кетсек, Қазақ күресі (Qazaq kuresi) ұлттық спорт түрі ғана емес, ол ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне кіреді. Былтыр Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы құрылып, ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев федерация Президенті болып сайланды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер