ММА

Асу Алмабаев келесі жекпе-жегін Астанада өткізеді

Асу Алмабаев келесі жекпе-жегін Астанада өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Тамыз айының 31-і күні Астана қаласында Fight Nights Global ұйымының турнирі өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда белгілі болғандай, аталмыш турнирдің ұйымдастыруын басқа ұйымдар мойнына алған.

Нақтылай кетсек, бұл турнирді өткізуге 3 бірдей ұйым атсалысады. Олар қазақстандық Tobet Fighting Championship пен Alash Pride FC және Fight Nights Global ұйымы.

Бұрын жоспарланғандай басты жекпе-жекте Қуат Хамитов өнер көрсетпейді. Бұл туралы спортшының өзі Prosports.kz тілшісіне берген сұқбатында айтып берді.

Белгілі болғандай, бұл турнирде АСВ ұйымының өкілі Асу Алмабаев сегізбұрышқа шығуы мүмкін. Спортшының айтуынша, әзірге турнирдің ұйымдастырушылары мен АСВ келіссөздер жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, Асудың қарсыласы туралы еш ақпар жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер