Қазақстандық бапкер 47 жолаушыны өрттен аман алып қалды

Қазақстандық бапкер 47 жолаушыны өрттен аман алып қалды

Семейлік грек-рим күресінің бапкері Ержан Амарханов Қазақстаннан Ресейге бара жатқан автобустың өртінен 47 адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды prosports.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Осыдан екі күн бұрын болған оқиғада, Ержан Амарханов автобустың ішіндегі ұйықтап жатқан жолаушыларды оятып өрттен құтқарған, ол ең бірінші автобустан кішкентай балаларды шығарып, кейін басқаларына көмектескен.

Өкініштісі, жолаушыларға көмектесіп жүргенде Ержанның құжаттары және көлік алуға арналған 270 000 рубль (1.5 млн. теңге ақшасы өртеніп кеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или