Дзюдошыларымыз татимде ел намысын қорғайды
Шілденің соңғы аптасында қазақстандық спортшылар үшін қызу өтеді. Жарыс жолына дзюдошыларымыз шығады, деп жазады Prosports.kz сайты.
<span>27 шілде, яғни ертең дзюдодан әлемдік Гран-при сериясы жалауын желбіретеді. Хорватияның Загреб қаласында өтетін дүбірлі дода 29 шілде күніне дейін созылмақ. Халықаралық жарысқа әлемнің 81 елінен 557 дзюдошы қатысуға өтініш білдірген. Ал Қазақстан құрамасынан 15 татами шебері қатысады деп жоспарланған. Оның ішінде </span>Рустам Ибраев (60 кг), Ғұмар Қырғызбаев (66 кг) және Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг) сынды көшбасшы дзюдошыларымыз бар.
Бұл жарыстың спортшылар үшін маңызы жоғары. Себебі дзюдошылар 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жолдаманы жеңіп алу үшін, ұпай жинау қажет.
Толық тізім төмендегідей:
Ерлер:
Рустам Ибраев (60 кг)
Жақсыбек Жеңісбек (60 кг)
Ерлан Серікжанов (66 кг)
Ғұмар Қырғызбаев (66 кг)
Нұрлан Оразалин (73 кг)
Бекжан Абдуалиев (81 кг)
Қырықбай Ғалымжан (+100 кг)
Әйелдер:
Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг)
Камшат Қарасайқызы (52 кг)
Севара Нишанбаева (57 кг)
Иоланта Бердибекова (63 кг)
Зере Бектасқызы (70 кг)
Аэлита Щербакова (70 кг)
Зарина Райфова (-78 кг)
Гүлжан Исанова (+78 кг)