Күрес

Кузнецова күрестен Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды

Кузнецова күрестен Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Үндістанның Нью-Дели қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Онда жерлесіміз Ирина Кузнецова алтын медальды жеңіп алды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Спортшы ширек финалда үндістандық Анша Аншаны 3:2 есебімен, жартылай финалда қытайлық Хинян Санды 5:0 есебімен тізе бүктерген. Финалдық бәсекеде Жапония өкілі Рин Кондоны 4:1 есебімен жеңіп, құрлық чемпионатының жеңімпазы атанды.

Ирина Кузнецова ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы. Ол 62 килограмға дейінгі салмақ санатында өнер көрсетті. Азия чемпионатының қорытындыларына орай, онда Қазақстан әйелдер құрамасының қоржынына бұдан басқа тағы үш қола, жалпы төрт медаль салынды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер