Астанада Qazaq Kuresi бойынша Азия чемпионаты өтеді

Астанада Qazaq Kuresi бойынша Азия чемпионаты өтеді

26 тамызда Астанада Qazaq Kuresi бойынша Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Халықаралық қазақ күрес федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақтың ұлттық күресінен өткен жарыстарға әлемнің 10 елінен 50 спортшы қатысады деп күтілуде.

Бүгін Жапония, Өзбекстан, Тәжікстан мен Моңғолия елдерінің спортшылары чемпионатқа қатысатындарын растады. Сондай-ақ, Иран, Пәкістан, Үндістан сынды елдер спортшыларын сынға дайындау үстінде.

Жарты жылдың ішінде халықаралық чемпионат өткізіп үлгердік. Оған әлемнің 40 елінен спортшылар келіп қатысты.

Сонымен қатар, жақында Батумиде қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтті.

Жарыс сегіз салмақ дәрежесінде және абсолюттік салмақтық дәрежеде өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или