Твумасидің жаңа командасы белгілі

Твумасидің жаңа командасы белгілі
news-banner7
mobile-news-top

Елордалық «Астана» футбол клубының шабуылшысы Патрик Твумаси түркиялық «Гезтепе» командасына ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ghanasoccernet.com порталының мәліметінше, Твумаси алдағы күндері Измир қаласына келіп, «Гезтепе» командасымен ресми келісімшартқа отырады.

Өткен маусымда «Гезтепе» командасы Түркия Суперлигасында сегізінші орынға табан тіреген. Қысқы маусымаралық үзілісте ганалық футболшыны қатарына қосқысы келген, алайда келіссөздер сәтсіз өтті.

«Астана» клубы 23 жастағы ойыншыны Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңіне тіркеген жоқ. Ал футболшының өзі соңғы рет алаңға 31 мамыр күні шыққан болатын. Сол уақыттан бері Твумаси «Астананың» сапынан көрінген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Патрик Твумасидің испаниялық «Алавес» клубына ауысуы мүмкін екені туралы жазған болатынбыз.

«Graphic Sports Твумасидің клубы - «Астана» мен «Алавес» арасындағы келіссөздер шарықтау кезеңінде екенін растайды. Және ганалық футболшы жеке келісімшарттың шарттарын келісу үшін жуық арада Испанияға ұшып шығады деп күтілуде», - деп жазған болатын басылым.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер