Қарағандылық балуандар екі матчтық кездесуде АҚШ құрамасын жеңіп шықты
Америка Құрама Штаттары мен Қарағанды облысының спортшыларының арасында еркін күрес бойынша матчтық кездесулер өтті, деп хабарлайды Prosports.kz
Үш кездесудің екеуінде жеңіс қарағандылықтарға бұйырды.
Қазақстанда осындай матчтық кездесулер алғаш рет өткізілді. Бұған дейін американдық қарсыластармен қазақстандықтар тек ірі халықаралық сайыстарда ғана кездескен болатын.
Қарағандыға келген АҚШ спортшыларының барлығы университет студенттері арасындағы чемпионаттардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Делегация жетекшісі – Джон Петерсон Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Мюнхен, 1972 ж.), Монреальдағы Олимпиада ойындарының чемпионы (1976 ж.). Қонақтар командасының бас жаттықтырушысы – Стив Барред, Әлем чемпионатының жүлдегері, АҚШ біріншіліктерінің бірнеше мәрте жеңімпазы.

Үш матчтық кездесу қорытындысы бойынша жеңіске қарағандылық спортшылар қол жеткізді. Бұған қоса Америкадан келген қонақтар үйлеріне Достық Кубогын алып кетті.