Құрамадан шеттетілген Бензема Франция футболшыларын құттықтады

Құрамадан шеттетілген Бензема Франция футболшыларын құттықтады

«Реалдың» шабуылшысы Карим Бензема Францияның әлем чемпионы болуымен құттықтады.

«Жігіттерді құттықтаймын! Жақсы жұмыс атқарылды. Әлем чемпиондары», - деп жазды шабуылшы.

Бензема соңғы жылдары Франция құрамасында ойнаған жоқ. Ол жартылай қорғаушы Матье Вальбуэнаға қатысты жанжалға байланысы болғандықтан, ұлттық командадан шеттетілді.

Айта кетейік, Франция құрамасы 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатының финалында Хорватияны 4:2 есебімен жеңген болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или