Балуан қыздарымызға Мадридтен бес медаль бұйырды
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы Испанияның Мадрид қаласында өткен «Испания Гран-при» турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды prosports.kz.
Нұрлан Аманқосов баптайтын еліміздің бойжеткендері ел қоржынына 3 күміс 2 қола медаль салды.
Испания астанасында өткен Гран-при турнирінде үш қызымыз финалда өнер көрсетті. Өкінішке қарай, барлығы да қарсыластарына есе жіберіп, жарыстың күміс жүлдегері атанды. Атап айтсақ, 53 келідегі Жұлдыз Эшимова финалда АҚШ балуанынан ұтылса, 55 келідегі Марина Седнева швед қызынан жеңілді. 59 келіде қырғыз балуанына жол берген Мадина Бақбергенова Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды.
Қоржынымызға түскен екі қола медальді Назира Аманжолова (59 келі) мен Рио олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова (76 келі) жеңіп алды.
Ел қоржынына келесі спортшыларымыз олжа салды:
Жұлдыз Эшимова (53 келі) - күміс
Мадина Бақбергенова (65) - күміс
Марина Седнева (55) - күміс
Эльмира Сыздықова (76) - қола
Назира Аманжолова (59)- қола
Айта кетерлігі, командалық есепте бойжеткендеріміз үшінші орынға ие болды.