русский язык
Күрес

«Еуразия Барысы» әлемнің 120 елінде көрсетіледі

«Еуразия Барысы» әлемнің 120 елінде көрсетіледі

Қазақша күрес бойынша «Еуразия Барысы» бірінші халықаралық турнирі әлемнің 120 елінде көрсетілмек, деп хабарлады «Тараз-Арена» спорт сарайында өткен баспасөз мәслихатында жарысты ұйымдастырушылар.

«Қазақша күрес бойынша «Еуразия Барысы» бірінші халықаралық турнирі 7 желтоқсан күні «Тараз-Арена» спорт сарайында өтеді. Турнирді «Қазақстан» ұлттық арнасы, Ресейдің «Боец» халықаралық телеарнасы, сондай-ақ, «TRT AVAZ» түрік телекомпаниясы әлемнің 120-дан астам еліне тікелей эфирден көрсетпек», - деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Гамлет Қайнарбеков.

Турнир туралы ақпаратпен www.kazakhstanbarysy.kz жобаның ресми сайтынан танысуға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;