Венесуэлада қайтыс болып кеткен футболшы гол соқты. Видео
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЖол апатында қайтыс болған жас футболшы Кедуину Индриаго соңғы голын соғып үлгерді. Жастайынан өмірі қыршынынан қиылған спортшымен қоштасу кезінде оның командаластары марқұмға үлкен құрмет көрсетті.
Футзалдан Венесуэланың жасөспірім құрамасының ойыншысымен қоштасу кезінде футболшылар бір-біріне пас беріп, голды марқұмға соғуға мүмкіндік берген.
Оқиға орнынан түсірілген видео Facebook желісіне тарап кеткен. Бейнежазбада бір-бірінен пас асырған футболшылар соңғы тепкіні марқұмның табытына бағыттаған. Нәтижесінде табытқа тиген доп барып қақпаға дәл түсті.