RomaSport
Басқа

Өскеменде бильярдтан халықаралық турнир аяқталды

Өскеменде бильярдтан халықаралық турнир аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Облыс орталығында ардагерлер арасында бильярдтан Бағдат Шаяхметовты еске алуға арналған халықаралық турнир мәресіне жетті. Аталмыш жарыс биыл алғаш рет ұйымдастырылды.

Оған шығысқазақстандық қатысушылардан бөлек, Шымкент, Алматы, Астана, Талдықорған қалаларынан, Түркістан облысынан және Ресейдің Омск қаласынан ұзын саны 84 ардагер келіп қатысты. Жиналған 12 команда шаһардағы титан-магнии комбинатында өзара үздікті анықтады.

Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Рыспек Қасеновтың айтуынша, сайыстың мақсаты – осы зауытты өз заманында биік дәрежеге көтеріп, оны жандандырған еліміздің Еңбек ері Бағдат Шаяхметовты еске алу. Одан бөлек, ардагерлердің басын қосып, бір бағытта жұмыс атқарған қызметтестердің өзара ой бөлісуіне негіз болу.

Сондай-ақ, Рыспек Қасенов турнирдің өтуіне аталмыш комбинаттың президенті Әсем Мамутова, одан бөлек Сергей Коротин, Александр Федосов сынды бірқатар меценаттар мұрындық болған.

Турнир үш күнге жалғасты. Мұнда 50-ден 63 жасқа дейінгі қатысушылардан жеті команда шықса, одан жоғары жаста бес команда өзара мықтыны анықтады. Ойын айналмалы жүйе бойынша өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер командалық және жекелей есепте шығарылды.

Айта кетейік, командалық біріншілікте жеңімпаз жетінші партияда бірақ белгілі болды. Себебі, алматылық «Бірлік» және өскемендік «Асау Ертіс» командасы арасында есеп 3:3 болып тұрған еді. Жеңімпаздың анықталуы үшін тағы бір ойын қажет болды. «Асау Ертіс» командасының капитаны Рыспек Қасенов қарсыласын 2:0 есебімен жеңіп, ойын тағдырын өз пайдасына шешті. Тартысты ойындар нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:

63 жасқа дейінгі командалық біріншілік қорытындысы

1 орын – Алматы облысы (Талдықорған)

2 орын – 17-ші аймақ (Шымкент)

3 орын – Өскемен-1 (Өскемен)

63 жастан жоғары командалық біріншілік қорытындысы

1 орын – Асау-Ертіс (Өскемен)

2 орын – Бірлік (Алматы)

3 орын – Астана (Астана)

50 ден 63 жасқа дейінгі жекелей біріншілік қорытындысы

1 орын – Талғат Мизамбеков (Талдықорған)

2 орын – Марат Карбаев (Талдықорған)

3 орын – Ұлықбек Пайзахметов (Шымкент)

63 жастан жоғары жекелей біріншілік қорытындысы

1 орын – Николай Рыжих (Өскемен)

2 орын – Еркінбек Тілеуқабыл (Түркістан облысы)

3 орын – Уалихан Ногоспаев (Астана)

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер