Күрес

Құрамалар кездесуі халықаралық турнирінің баспасөз маслихаты өтті

Құрамалар кездесуі халықаралық турнирінің баспасөз маслихаты өтті
news-banner7
mobile-news-top

6 шілде күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде еркін күрестен халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды prosports.kz.

Бүгін аталған турнирдің баспасөз конференциясы өтті. Алматы қаласындағы «Айсер» қонақүйінің мәжіліс залына жиналған қонақтар қатарында Қазақстан күрес федерациясының вице президенті Ерлан Қожаспай, Олимпиада чемпионы, Қазақстан еркін күрес академиясының бас бапкері Қажымұрат Гацалов және турнирге қатысатын құрамалардың бас бапкерлері болды.

Жастар арасында алғаш рет ұйымдастырылып отырған құрамалар кездесуіне Қазақстан, Ресей, АҚШ, Украина, Өзбекстан және Қырғызстан жастар құрамалары қатысады. Турнир кубоктық форматта өтеді.

Баспасөз жиынында алғаш болып сөз алған Ерлан Қожаспай мырза турнирді жоғары деңгейде өткізуге дайын екендерін жеткізді.

- Спорт адамзат баласын бір тудың астына біріктіре алатын ұлы күш. Осы сөзіміздің дәлеліндей біз өткізгелі отырған жарысқа саяси жағдайларға қарамастан Ресей мен Украина құрамалар қатар қатысқалы отыр.

Бұл екі құрамадан бөлек АҚШ, Өзбекстан, Қырғызстаннан да жас балуандар келіп отыр. Оған өз жігіттерімізді қоссақ бұл кезекті турнирде алты елдің балаундары бақ сынайтын болады. Негізі Иран құрамасын да шықарған едік. Алайда олар турнир бастауға екі күн қалғанда ғана Алматыға келуге дайын екендерін хабарлады. Ал ол кезде біз жарысқа қатысатын құрамаларды тұрақтандырып, жарыс күнтізбесін анықтап қойғанбыз. Сондықтан, Иран балуандары турнирден тыс қалды.

Біздің шақыруымызды қабыл алып, Қазақстанға келген барша құрамаларға алғыс айтамыз. Әрі осы турнирдің көлемін жылдан-жылға ұлғайтып, дәстүрлі халықаралық жарыс деңгейіне көтеруді жоспарлап отырмыз, - деді Ерлан Қожаспай.

Өз кезегінде Олимпиада чемпионы, Қазақстан еркін күрес академиясының бас бапкері Қажымұрат Гацалов турнирдің алға қойған мақсат-міндеттері жайлы тоқтала келіп, жастар арасында өтетін халықаралық жарыстар жоқ болғандықтан осындай турнир ұйымдастыру ойына келгендіктерін жеткізді.

Ал турнирге ең мықты құрамалардың бірін бастап келген украиналық бапкер Александ Александриди Алматыға үлкен дайындықпен келгендерін айтты.

- Қазақстан құрамасынан шақырту түскенде өте қуанышты болдық. Әрі еш ойланбастан келісім береміз деп шештік. Бізге өз еліміздің күрес федерациясы да үлкен қолдау көрсетті.

Тағы бір қызығы, кезінде боз кілемде белдесіп жүрген Альберт Батыров мырзаның Ресей құрамасын бастап келгенін жаңа біліп отырмын. Бұл да мені үлкен қуанышқа бөледі. Қазіргі шиленіскен саяси оқиғаларға қарамастан, біз бауырлас ел екенімізді білдіргіміз келеді, - деді.

Осыдан кейін, баспасөз маслихатына жиналған жұртшылық пен журналистер қауымы қонақтарға сұрақтар қойып, ой ортақтасты.

Жиналыстың соңына қарай арнайы жеребе тартылып, жарысқа қатысатын құрамалар қарсыластарын анықтады. Жеребе қорытындысы бойынша Украина құрамасы бірінші, Қырғызстан екінші, Ресей үшінші, Өзбекстан төртінші, АҚШ бесінші ал Қазақстан құрамасы алтыншы номермен өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер