Ширек финал ойындарының кестесі (Астана уақытымен)

Футболдан Ресейдегі 2018 жылғы Әлем чемпионатының ширек финал ойындары 6-7 шілде күндері өтеді.
<span>Ең алғаш болып Уругвай және Франция құрамалары жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. «Нижний Новгород» стадионында өтетін ойынның тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан тамашалай аласыз.</span>
Уругвай - Франция
06.07.2017 20:00
<span>6 шілдедегі екінші ойында Уругвай-Франция матчының жеңімпазына жартылай финалда қарсылас атанатын команда белгілі болады. «Қазан Арена» стадионында өтетін ең мықты командалардың кездеседі. Оны Қазақстанның екі бірдей телеарнасы - Qazsport және Qazaqstan тікелей эфирден көрсетеді.</span>
Бразилия - Бельгия
07.07.2017 00:00
<span>7 шілде күні жартылай финалдың екінші жұбы анықталады. 20:00-де Сочидегі «Фишт» стадионында дода қожайындары Хорватиямен өзара күш сынасады. Ойынды Qazsport және Qazaqstan телеарналарынан көруге болады.</span>
Ресей - Хорватия
07.07.2017 20:00
<span>Олардың қарсыласы - Еуропаның екі мемлекеті арасындағы тартыс «Самара Арена» стадионында болады. Бұл ойынды да Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирден көрсетеді. </span>
Швеция - Ұлыбритания
08.07.2018 00:00
