Құрамалар кездесуінде ел намысын қорғайтын балуандар анықталды

Құрамалар кездесуінде ел намысын қорғайтын балуандар анықталды

6 шілде күні Алатау бөктерінде бұрын соңды болмаған дүбірлі дода өтеді, деп хабарлайды prosports.kz.

Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде еркін күрестен Қазақстан, Ресей, АҚШ, Украина, Өзбекстан және Қыргызстан жастар құрамалары кубоктық форматта кім мықтыны анықтайды. Олимпиада чемпионы, бес дүркін әлем чемпионы, Қазақстан еркін күрес академиясының бас бапкері Қажымұрат Гацалов prosports.kz тілшісіне ел намысыны қорғайтын балуандар есімін атады.

- Бұл біздің жас балуандар үшін өз қарым-қабілетін көрсететін керемет мүмкіндік. Әлемнің мықты жас балуандары күн сайын елімізге келе бермейді. Алматыға келетін құрамалардың тізімін қарасаңыз АҚШ, Ресей, Украина және Өзбекстан сынды елдер бар. Ал бұлардың әрқайсысы еркін күрес әлемінде алпауыт держава саналады. Сол үшін де біз турнирдің осындай кубоктық форматта өткенін қаладық. Өздеріңіз білетіндей Әлем Кубогы да дәл осындай жүйеде өтеді. Жарысқа келген әр мемлекетің палуандары бір-бірімен кездеседі. Яғни, әр спортшы кемінде бес кездесу өткізеді. Жеңімпаз командадан бөлек палуандарға жекелей номинация бойынша жүлделер табысталады, - деп сөзін түйіндеді Қажымұрат Гацалов.

Ел намысын қорғайтын балуандар:

57 кг
Қалжан Рахат
Құрбанов Акбар
Қартбай Мейрамбек

61кг
Сағынали Абылай
Айтақын Асыл

65 кг
Дұйсенқұл Қуаныш
Жолболсын Елдар

70кг
Ергеш Дәулет
Қайпанов Нұрқожа
Абдихаит Әкежан

74 кг
Мұхаметқалиев Шыңғыс
Әмірханұлы Әділхан

79 кг
Қарабалаев Жақсыбек
Құрманбай Әлішер

86кг
Дзицоев Алан
Иманали Сағи

92 кг
Ерғали Алишер
Жұмаш Қуаныш

97кг
Бахытханов Серік
Азов Нұрсұлтан

125 кг
Эюбов Омар
Өсербай Бақдәулет

Айта кетейік, еркін күрестен ұлттық құрамалар арасындағы кездесу 6 шілде күні Астана уақытымен сағат 10:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или