Швеция құрамасы швейцариялықтарды жеңіп, 1/4 финалға жолдама алды

<span>2018 жылғы Әлем чемпионатының 1/8 финалы кезінде бүгін «Санкт-Петербург» стадионында Швеция және Швейцария құрамалары кездесті</span>
Скандинав түбегінің өкілдері «Банкирлер» Отанын жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Ойынның 66-минутында германиялық «РБ Лейпциг» клубының жартылай қорғаушысы Эмиль Форсбергер швейцариялықтарға қарсы жалғыз голдың авторы атанды.

Ширек финалда Швеция құрамасы Ұлыбритания-Колумбия матчының жеңімпазымен кездеседі.
Швеция – Швейцария – 1:0
Гол: Эмиль Форсберг (66)
Құрамалар тізімі:
Швеция: Ольсен, Лустиг, Линделеф, Гранквист, Аугустинссон - Экдаль, Свенссон, Форсберг, Классон - Берг, Тойвонен.
Швейцария: Зоммер, Ланг, Аканджу, Джуру, Родригес - Джака, Бехрами, Джемаили, Цубер, Шакири - Дрмич.
Бас төреші: Дамир Скомина (Словения).
3 шілде. Санкт-Петербург. «Санкт-Петербург» стадионы.