Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

Колумбия – Англия: Келесі кезеңге өтуге кім лайық

Колумбия – Англия: Келесі кезеңге өтуге кім лайық
news-banner7
mobile-news-top

Ресей жерінде өтіп жатқан ХХІ кезекті Әлем біріншілігінің топтық бел ортасынан ауыды. Төрткіл дүние түгел көз тіккен биылғы ғаламдық дода тосын сыйларға толы болды, деп жазады prosports.kz сайты.

Алдымен қазіргі әлем чемпионы Германия құрамасы топтық кезеңнен аса алмай, еліне ерте қайтты. Ол аздай, плей-офф кезеңінің алғашқы айналымында әлем футболының қос мықтысы Роналду мен Мессидің құрамасы қатардан шығып алды. Қызық бұмен де біткен жоқ, чемпионаттың басты фавориттерінің бірі Испания құрамасы да тым ерте Мәскеу-Мадрид бағытына билет алды.

Бүгін 1/8 финалдың соңғы жарыс күні. Түн ауа жасыл алаңда Н тобында топ жарған Колумбия мен G тобында екінші орын алған Англия құрамасы кездеседі. Қай мықты шыққаны ең соңғы ширек финал жолдамасына қол жеткізеді.

1/8 финал

Колумбия - Англия (Астана уақыты 00:00). Келесі кезеңге өту мүмкіндігі: 60%-40%

Колумбия құрамасы – Әлем чемпионатының плей-офф сатысында үш мәрте өнер көрсеткен. Еншісінде бір жеңіс, бір жеңіліс және бір тең ойын. Ал 1/8 финалдағы нәтижесі бір жеңіс, бір жеңіліс. Бір мәрте 120 минут бойы доп тепкен (1990 жылы 1:2 Камерун). Әлі бірде-бір мәрте пенальти сериясына жетіп көрмеген.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÐºÐ¾Ð»ÑÐ¼Ð±Ð¸Ñ ÑÑÑбол Ñм 2018

Колумбиялықтар Әлем чемпионатында Еуропаның құрамаларымен 10 мәрте кездескен. 3 ойында жеңіп, 5 ойында жеңіліп, екі рет тең түскен. Бірақ, еуропалықтарға қарсы соңғы екі ойында да жеңіске жетті.

Англия құрамасы – Әлем чемпионатының плей-офф сатысында 18 мәрте бақ сынаған. Негізгі уақыттағы нәтижесі 5 жеңіс, 6 жеңіліс және 7 тең ойын. Бұның жетеуінде 120 минут бойы өнер көрсеткен. 3 ойын жеңіп, 3 ойын жеңіліп, 1 матчта тең тарқасқан. Бір қызығы англиялықтар Әлем чемпионатының плей-офф сатысында өткізген соңғы 3 ойында да 0:0 есебі тіркелген екен.

Ал 1/8 финалдағы нәтижесі, 6 ойынның төртеуінде келесі кезеңге өтіп, екі рет жарыс жолынан шығып қалған. Осы кезеңде 3 рет оңтүстік америкалық құрамалармен кездескен. Екі рет жеңіп, бір рет жеңілген. 3 рет пенальти сериясына жетіп, үшеуінде де жолдары болмаған. Тарихта пенальти сериясында ең көп жеңілген құрама саналады (Италиямен бірдей. 3 мәрте).

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð°Ð½Ð³Ð»Ð¸Ñ Ñм 2018 гÑÑппа

Англия құрамасы Әлем чемпионаты тарихында Оңтүстік Америкадан келген құрамалармен 17 мәрте жолдары түйіскен. Нәтижесі, 8 жеңіс, 6 жеңіліс, 3 тең ойын. Соңғы 5 матчтың үшеуінде жеңіп, екеуінде жеңілді.

Ал қос құрама тарихта 5 мәрте кездескен. Бұл теке-тіресте еуропалық құраманың бәсі басым. Үш ойында жеңіп, екі ойында тең түскен. Әлем чемпионатында бір рет ғана жолдары түйіскен. 1998 жылы Англия құрамасы 2:0 есебімен жеңген болатын.

FIFA рейтингісіндегі орны:

Колумбия – 16, Англия – 12 .

Колумбия құрамасының сапындағы 23 футболшының трансфер нарығындағы жалпы құны 251 млн еуро. Орташа жас мөлшері 28,5 жас.

Англия құрамасының 23 футболшының трансфер нарығындағы жалпы құны 874 млн еуро. Орташа жас мөлшері 26,1 жас.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер