Футбол

Маскерано: Командаға қош бол дейтін сәт жетті

news-banner7
mobile-news-top

Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Хавьер Маскерано әлем чемпионатының 1/8 финалында Франциядан (3:4) жеңілген соң ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады.

«Командаға «қош бол» дейтін сәт жетті. Енді мен құраманың жанкүйері ғанамын», - деді 34 жастағы футболшы.

Хавьер Аргентина құрамасында 2003 жылдан бері ойнаған. Ұлттық командамен бірге Маскерано екі рет Олимпиада ойындарын (2004, 2008) жеңіп, 2014 жылы әлем чемпионатының финалына шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер