Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров WBA рейтингісіндегі орындарын жоғалтты

Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров WBA рейтингісіндегі орындарын жоғалтты

Барлық салмақ санаттарындағы бүкіл әлемдік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингі шықты.

Бірінші ауыр салмақта Бейбіт Шүменов пен Иса Ақбербаев WBA рейтингіндегі бұрынғы орындарын сақтап қалды. Бұл тізімде Шүменов екінші, Ақбербаев 12-ші орынды иеленді.

Сондай-ақ, бірінші орта категориядағы боксшы Қанат Ислам аталған рейтінингте екінші орында тұрса, жартылай орта салмақтағы спортшымыз Жанқош Тұраров тізімде 12-ші болып тұратын.

Алайда,бүкіл әлемдік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингінде Қанат Ислам екінші орыннан бесіншіге түсіп, Жанқош Тұраров 12-ден 13-орынға түсіп қалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или