Бразилия Мексиканы үйіне қайтарды

Әлем чемпионатының 1/8 финалы аясында Бразилия құрамасы мен Мексика ұжымы күш сынасты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Тартысты өткен ойында бразилиялықтар жеңіске жетті. Есеп тек екінші таймда ашылған. Ойынның 51-ші минутында Неймар қарсылас қақпасын дәл көздеді. Негізгі уақыт аяқталуына санаулы минуттар қалғандла <span>Фирмино есепті еселей түсті.</span>
<span>Осылайша, Бразилия құрамасы ширек финалға жолдама алды. Олардың қарсыласы бүгін түнде өтетін Бельгия - Жапония ойынында белгілі болады.</span>
Әлем чемпионаты - 2018. 1/8 финал
Бразилия - Мексика 2:0 (0:0)
Голдар: 51' Неймар, 88' Фирмино
Самаре, «Космос Арена», 2 июля.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или