Момоду Сисей Қазақстанға келді

Момоду Сисей Қазақстанға келді
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайрат» клубының бұрынғы ойыншысы Момоду Сисей Қазақстанға келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Гамбиялық шабуылшы өзінің агенті Сослан Касабиевпен бірге Астана қаласына келген. Әзірге Момоду Сисейдің қай командамен келіссөз жүргізуге келгені белгісіз.

Момоду Сисейге қазақстандық бірнеше командалар қызығушылық танытқан. Оның ішінде «Оқжетпес» пен «Қызыл-Жар» клубтары бар.

Естеріңізге салсақ, Сисей 2013-2015 жылдар арасында «Қайратта» ойнаған болатын. Алматылық клубта 46 матч өткізіп, 17 гол соққан. Оның соңғы клубы финляндиялық «ПС Кеми Кингс» командасы болған еді.

ÐÐ¾Ð¼Ð¾Ð´Ñ Ð¡Ð¸Ñей пÑибÑл в ÐазаÑÑÑан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер