95-минутта соғылған гол немістерге жеңіс сыйлады

95-минутта соғылған гол немістерге жеңіс сыйлады

Футболдан әлем чемпионатының F тобында Сочиде Германия мен Швеция құрамалары кездесіп, қарсыластарынан бір гол айырмашылығымен немістер жеңіске жетті.

Алғаш боп шведтерден Ула Тойвонен допты қақпаға енгізсе, екінші таймда немістерден Марко Ройс есепті теңестіре алды.

82-минутта екінші ескерту алған Германия құрамасы ойыншысы Боатенг алаңнан қуылды. Соған қарамастан, немістер шабуылдауын тоқтатқан жоқ.

95-минутта Тони Кроос айып соққысын соғып, командаға жеңіс сыйлады.

F тобында әзірше Мексика құрамасы алты ұпаймен алда келе жатыр. Швеция мен Германия еншісінде - үш ұпайдан.

Германия – Швеция – 2:1

Голдар: Ола Тойвонен (32), Марко Ройс (48), Тони Крооса(90+5).

Құрамалар тізімі:

Германия: Нойер, Киммих, Боатенг, Рюдигер, Хектор, Руди, Кроос, Дракслер, Мюллер, Ройс, Вернер.

Швеция: Ольсен, Лустиг, Линделёф, Гранквист, Аугустинссон, Ларссон, Экдаль, Классон, Форсберг, Тойвонен, Берг.

Бас төреші: Шимон Марциняк (Польша).

23 маусым. Сочи. «Фишт» стадионы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или