Әлем футболы

Бразилия құрамасы Коста-Риканы жеңді

Бразилия құрамасы Коста-Риканы жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Ресейде өтіп жатқан Әлем біріншілігінің Е тобындағы екінші тур матчтары басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бүгін бұл топтан алғашқы болып жасыл алаңға Бразилия мен Коста-Рика құрамалары шықты.

Алғашқы айналымда Швейцарияны жеңе алмаған бразилиялықтар Солтүстік Америкадан келген Коста-Рика футболшыларымен күш сынасты. Әлемнің бес дүркін чемпиондары үш ұпайдың тағдырын талассыз шешу үшін ойын бастала сала шабуылға шыққан еді. Алайда, алғашқы 45 минут бойы гол соғудың еш сәті түспеді.

Ал екінші таймда оңтүстік америкалықтар шабуыл қарқынын бұрынғыдан да үдетті. Алайда, Коста-Рика қақпашысы Навас нағыз шебердің өнерін көрсетті. Тіпті, 90 минут бойы есеп ашылған жоқ. Тек матч аяқталар тұста ғана Коутиньо жеңіс голын соқты. Осылайша, ол екі турда құрамасына төрт ұпай сыйлады.

Ал матчқа қосылған қосымша уақыт аяқталар тұста Неймар да қанжығасын майлады.

Әлем чемпионаты - 2018

Бразилия - Коста-Рика - 2:0
Гол соққандар:
Коутиньо 90+6, Неймар 90+6

Бразилия: Алиссон, Фагнер, Силва, Миранда, Марсело, Паулиньо, Каземиро, Коутиньо, Виллиан, Жезус, Неймар.

Коста-Рика: Навас, Акоста, Гонсалес, Дуарте, Овьедо, Гамбоа, Борхес, Руис, Гузман, Венегас, Уренья.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер