Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

Мессиге сенген жігіт миллионынан айрылды

Мессиге сенген жігіт миллионынан айрылды
news-banner7
mobile-news-top

Кеше Әлем чемпионаты аясында Аргентина құрамасы Хорватия футболшыларынан 0:3 есебімен ойсырай ұтылып, плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндіктерін сәл қиындатып алды.

Ал осы кездесу алдында отандық ақпарат құралдарында алматылық жанкүйердің "Месси гол соғып, Аргентина жеңіске жетеді" деген бәске 2,5 млн теңге тіккені хабарланған еді. Букмекерлік кеңселер аталған бәсті 2.78 коэффициентке бағалаған. Осылайша, алматылық азамат бірден 6,9 млн пайдаға кенелуді көздеген.

Алайда, ойын нәтижесі басқаша болды. Матч аяқтала сала әлеуметтік желіде оқырмандар бәс тіккен жігіттің жолы болмағанына өкініш білдірісті.

ФоÑо: prosports.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер