Әлем футболы

Ресей құрамасы Салах бастаған топты келесі кезеңге өткізбеді

Ресей құрамасы Салах бастаған топты келесі кезеңге өткізбеді
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының «А» тобындағы кезекті ойынында Ресей құрамасы Египет футболшыларын ұтып, алғаш болып әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.

Кездесу алаң иелерінің жылдам шабуылдарымен басталса да, ойындағы 4 гол да екінші таймда соғылды. Бүгінгі ойында негізгі құрамға шығуы белгісіз болған Роман Зобнин 47-минутта Египеттің капитаны Ахмед Фатхиді қателесуге мәжбүр етті. Ресейліктің соққысына қайтаруға ұмтылған Фатхи допты өз қақпасына теуіп кіргізіп алды.

59 минутта Денис Черышев әлем чемпионатындағы үшінші голын соқты. Осылайша, ол Криштиану роналдумен теңесті.

Араға 3 минут сала Артем Дзюба есепті 3:0-ге жеткізді.  Дзюба өзінің әлем чемпионатындағы екінші голына ие болды.



73 минутта Ресей ойыншысы Р.Зобнин өз айып алаңында Салахты шалып жығып, төреші 11 метрлік айып добын белгіледі.  Мұхаммед Салах 11 метрлік айып добынан гол соқты.


Ресей – Египет – 3:1

Голдар: Фетхи (47),  Черышев (59), Дзюба Гжегож  (62), Салах (73).

Екі ойын қорытындысы бойынша Ресей құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты. Келесі ойынын Уругвайға қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер