Таңатаров: Қайсанов мен ұтып жүрген моңғолдан бірнеше рет ұтылды
Еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров Prosports.kz тілшісіне үлкен спортпен қош айтыспағанын бұған дейін айтқан болатын. Күні бүгін белді балуанымыз бір жылдық демалыстан кейін бозкілемге оралғанын «Sportinform» тілшісіне айтып берді.
«Біздің Данияр Қайсанов мен Азия чемпионатында ұтып жүрген моңғолиялық балуаннан (Ганзориг) бірнеше рет ұтылды. Бұл салмақтағы оқылықтың орнын толтыру қажет. Мен қазір Азия ойындарына барып медаль жеңіп алу үшін жаттығып жүрмін. Ал содан кейін спорттық мансабымды аяқтауға болады», - деді Таңатаров.
Естеріңізге салайық, Азия ойындары 18 тамыз бен 2-ші қыркүйек аралығында Индонезияда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или