Әлем футболы

Роналдудың хет-тригі Португалияны жеңілістен құтқарды

Роналдудың хет-тригі Португалияны жеңілістен құтқарды
news-banner7
mobile-news-top

Әлем біріншілігінің топтық кезеңіндегі ең маңызды матчы болып саналатын Португалия мен Испания құрамалары арасындағы ойында жеңімпаз анықталмады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Осы мундиальдың топтық кезеңіндегі ең маңызды матч өтті. Құрамында Еуропаның беделді клубтарында өнер көрсететін жұлдыздарға толы қос құрама сарапшылардың айтуы бойынша, «В» тобының алғашқы орындарын сарапқа салмақ. Осы ойында кім жеңіске жетсе, төрттіткен сол бірінші орынмен шығуы тиіс. Португалия құрамасы қарсыластары секілді Әлем чемпионы атағымен мақтана алмайды. Бірақ, бұл команданың «айды аспаннан шығару» қабілеті барын айта кеткен жөн. Оған мысал, 2016 жылғы Еуропа чемпионатында топ жаруы. Бүгінде сол чемпион команданың құрамы өзгермеген. Криштиану Роналду бастаған португалдықтар тек жүлде үшін келгенін жасырмайды. 2010 жылғы Әлем чемпионы Испания құрамасы мундиальдың басталуына екі күн қалғанда бас бапкері Хулен Лопотегидің орнын босатты. Қазіргі таңда команда тізгінін әйгілі испандық қорғаушы Френандо Йерро ұстаған. Мамандардың айтуы бойынша құрама ішінде қазіргі таңдағы атмосфера бұзылған болуы тиіс. Бас бапкердің орнынан кетуі ойыншылардың көңіл-күйіне әсер етуі әбден мүмкін.

Ойын жанкүйерлер күткендей қарқынды бастады. Бар болғаны 4-ші минутта қақпа алаңында жығылған Роналду командасына 11 метрлік айыпдобын алып беріп, артынша оны дәл орындады. Арада 20 минут өткен Испания құрамасының шабуылшысы Диего Коста таразы басын теңестірді. Дегенмен бірінші тайм аяқталар тұста Роналдудың алыстан жасаған соққысын Де Хеа тос алмай қалды.

Ойынның екінші бөлігіне Испания ойыншылары жігерленіп шықты. Бірден шабуылға шыққан испандықтар 55-ші минутта гол соқты. Диего Коста қақпа маңындағы қарбаласты сәтті пайдаланып, дубль авторы атанды. Көзді ашып-жұмғанша Начо жойқын соққысымен командасын есепте алға шығарды. Қарша бораған голдарды 88-ші минутта Роналду тоқтатты. Португалия құрамасының капитаны көзге түсіп, командасын жеңілістен құтқарып қалды.

В тобындағы алғашқы ойында Иран мен Марокко құрамалары кездескен. Стадионға жиналған жанкүйерлер ойын соңына дейін гол көре алмады. Тек бас төреші қосқан қосымша 6 минутта Марокко құрамасының ойыншысы Азиз Бухаддуз өз қақпасына гол соғып, Иран құрамасына жеңісті сыйлады.

Әлем чемпионаты - 2018.

Португалия - Испания 3:3 (2:1)

Голдар: Роналду 4', 44', 88' - Коста 24', 55', Начо 58'

Португалия: Патрисиу – Соареш, Пепе, Фонте, Геррейро – Карвалью, Моутинью, Бруно Фернандеш – Бернарду Силва, Гедеш, Роналду

Испания: Де Хеа – Начо, Пике, Рамос, Альба – Бускетс, Коке – Давид Силва, Иско, Иньеста – Диего Коста

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер