Just Wrestling
Күрес

Еркін күрес шеберлері Моңғолиядан олжалы оралды

Еркін күрес шеберлері Моңғолиядан олжалы оралды
news-banner7
mobile-news-top

Моңғолияның астанасы Ұлан-Батырда еркін күрестен «Mongolia open» жарысы өтті, деп хабарлайды prosports.kz. Ел чемпионатында жеңімпаз атанған балуандарымыз осы жарыста бақтарын сынап, ел қоржынына екі алтын, бір күміс, екі қола еншілеген болатын.

Әділет Дауланбаев (86 кг)пен Әлментай Бақдәулет (97 кг) алтын тұғырдан көрінсе, керекулік Саятбек Оқасовқа (65 кг) күміс медальды бұйырды. Семейлік Данияр Қайсанов (74 кг) пен Алматы қаласының намысын қорғап жүрген Қуат Әміртаев (61 кг) қоланы қанғат тұтты. Қуат үшінші орынға таласта Нұрислам Санаевты ұтқан болатын. Ал Нұрислам бірінші айналымда 57 келіде ел чемпионы атанған Жандос Исмаиловты тізе бүктірді.

Айта кетейік, Сәкен Айтжанов (79 кг)жарақатына байланысты жарыстан шығуға мәжбүр болды. Ал Амандық Бакеев (70 кг)қола үшін таласта қарсыласының мықтылығын мойындады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер