Галбадрах Отгонцэцэг Еуропа ашық Кубогында жүлдеге ілінді
Мадридте дзюдодан Еуропаның ашық кубогі өтуде. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына бір қола медаль түсті деп хабарлайды olympic.kz.
Галбадрах Отгонцэцэг өз тобында жеңімпаз атанып, Испания және Израиль спортшыларын жеңді. Алайда, жартылай финалда тағы бір татами иесі Абеленда Мартинестен ұтылып қалды.
Қола медаль үшін күресте бельгиялық қарсыласын жеңген жерлесіміз турнирдің қола жүлдегері атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или