Басқа

Гандболдан XXVI Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті

Гандболдан XXVI Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін «Достық» спорт кешенінде гандболдан әйелдер мен ерлер арасында XXVI Қазақстан чемпионатының финалдық кездесулері өтті. Супер лиганың әйелдер командалары Play-off-та, ал жоғарғы және супер лигалардың ерлер командалары V турда өзара мықтыны анықтады.

Чемпионаттың марапаттау рәсіміне Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының, Алматы қаласы гандбол Федерациясының өкілдері, бапкерлер, спортшылар және Қазақстан гандбол клубтарының жетекшілері қатысты. Олар қатысушыларға алғыс білдіріп, жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтады.

Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген командалар бақ сынасты. Супер лигада 23 жастан жоғары гандболшылардан құралған «Алматы», «Астана», «Қайсар», «Шымкент» әйелдер командалары ойнайды. Шешуші соңғы кезең, плей-оффтың жеңімпазы қызылордалық «Қайсар» командасы ел чемпионы атанды. Ал күміспен «Астана» гандболшылары күптелсе, «Алматы» гандбол клубы қола жүлдесін қанағат тұтты.

- Астанамен өткен ойынды еске түсіргім де келмейді. Жинала алмай, біршама қателіктерді жібердік. Мұндай жағдай басқа қайталанбайды деген үміттемін. Жұмыс жасайтын боламыз. Біз финалға шыға алмадық сондықтан қызылордалық «Қайсар» жеңді деп ойлаймын. Енді, демалысқа шығып, тыныққаннан кейін қайта жұмысқа кірісетін боламыз, - деп бөлісті «Алматы» гандбол клубының капитаны Наталья Якуба.

Жарыстың басты мақсаты – қала тұрғындары арасында гандболды елге таныту, оны дамытып, наисхаттау, сонымен қатар, спортшылардың шеберліктерін арттырып, үздіктерін анықтау.

Ерлер арасында өткен жоғарғы лига ойындарының нәтижесі бойынша «Қарағанды» топ жарып, жеңді. Ал екінші орынды шымкенттік «Қазығұрт» иеленсе, үшінші орынға қостанайлық «ДЮСШ 1» жайғасты. Еске сала кетсек, супер лиганың ерлер командалары да бәстесті. Бұл жарыста Шымкент гандболшылары, «Қазығұрт» командасы үздік атанды. Келесі жүлделі орындарды екі ақтөбелік «Қазxром» және «Намыс» командалары жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер