Паралимпиада чемпионы: Мемлекет уәде еткен сыйақыны әлі берген жоқ
<span>Қазақстандық шаңғышы Александр Колядин мемлекет тағайындаған сыйақыны жарты жылдан бері ала алмай жүр. </span>
<span>Пхенчханда өткен қысқы Паралимпиада ойындарында алтын медаль иеленген спортшы биліктегілердің түрлі сылтауынан әбден мезі болған. </span>
<span>Колядиннің сөзінше, дүбірлі додадан кейін Қостанай облысының әкімі шаңғышыға жеңісі үшін 1 млн теңге сыйақы беріпті. Ал, мемлекеттен тағайындалған 250 мың долларды әлі ала алмай жүр екен. Жауаптыларға жүгінсе, "ақшаңды бүгін-ертең аударамыз" деген желеумен түрлі сылтау айтып, спортшыны түлкібұлаңға салып келеді. Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері спортшыға тиесілі қаражат келесі аптада аударылады деп сендіріпті. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или