русский язык
Kazakh Bet
Әлем футболы

«Реал» — «Ливерпуль»: Роналду мен Салахтың текетіресі

«Реал» — «Ливерпуль»: Роналду мен Салахтың текетіресі
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін әлемнің назары Украинаның астанасы Киевке ауады. Себебі түнде «Реал» мен «Ливерпуль» Еуропаның үздік клубы атану үшін жасыл алаңда күш сынасады.

Финал Киевтегі «Олимпийский» стадионында өтеді. Футбол жанкүйерлері асыға күткен финалға «Реал Мадрид» пен «Ливерпуль» кәрі құрлықтың басты додасының жүлдесін сарапқа салмақ.

Осы күнге дейін «Реал» өз тарихында 15 рет финалға шығып 12-інде жеңіске жетcе, «Ливерпуль» командасы 7 рет финалға шығып 5 мәрте жеңімпаздар қатарында болды.

Мадридтік «Реал» бұл ойында Чемпиондар лигасын қатарынан үш мәрте жеңімпазы атануға мүмкіндік алса, «мерсисайдтықтар» 11 жылдан кейін еурокубоктердің финалына шығып отыр.

Қос ұжымның сапында алға сүйрейтін көшбасшы ойыншылары бар. «Реалда» Роналду болса, «Ливерпульде» - Салах. Финал осы екі ойыншының арасында да өтетіні сөзсіз. Португалиялық футболшы осы маусымда Чемпиондар Лигасында тамаша көрсеткіштерге жетті. Әрбір ойында гол соқпай кетпейді. Бүгін де командасын алға сүйреп, гол соғуы қажет.

Салахтың алғашқы финалы. Осы маусымның үздік футболшысына үміткер мысырлық ойыншы бүгін бар күшін салары анық. Гол соғуға тырысып, соққы көп жасайтыны белгілі. Тәуекел етіп, Салах қақпаның бағанасына немесе маңдайшасына тиюі мүмкін деген бәсті алуға болады.

Ал жалпы ойынға келер болсақ, қос команданың қорғанысы - әлсіз, шабуылы - мықты. Логикаға сүйеніп-ақ, голдың көп соғылатынын болжауға болады. Болжам: ойында 2.5-тен көп гол соғылады.

Болжам:

Реал Мадрид, Криштиану Роналду гол соғады - 1.70

Ливерпуль, Мохаммед Салах қақпаның бағанасына немесе маңдайшасына тиеді - 7

Реал Мадрид - Ливерпуль: жалпы тотал 2.5-тен көп

Елімізде Чемпиондар Лигасының финалын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Матчтың басталуы Астана уақытымен 00:45-те.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;