Әлем чемпионаты: Швеция мықты ма әлде Швейцария ма?

Әлем чемпионаты: Швеция мықты ма әлде Швейцария ма?
Бірер сағаттан соң Данияда өтіп жатқан хоккейден Әлем чемпионатының финалындық ойыны басталады. 

Алдымен ақтық ойынға жолдама алған құрамалармен таныстырайын. Бірінші болып жартылай финалда Швеция құрамасы АҚШ хоккейшілерін 6:0 есебімен тас-талқан етіп, финалға шықты. Ал екінші жартылай финалдық жұпта Канада мен Швейцария құрамалары кездесіп, еуропалықтардың жолы болды. Есеп 2:3

Осылайша, Әлем чемпионатының финалына Швеция мен Швейцария құрамалары шықты. Бұл матч 20 мамырдан 21 мамырға ауған түні Астана уақыты сағат 00:15-де басталады.

Финалдық ойын тартысқа толы болмақ. Дегенмен Швеция қарсыластарына қарағанда бір бас жоғары. Швейцария 2013 жылдан бері Әлем біріншілігінде Швецияны бірде-бір ойында жеңіп көрмеген. Бүгін де швециялық ұжым жеңісті қолдан жібере қоймас. Біздің болжам - Швеция бір шайба айырмашылығымен жеңіске жетеді.

Хоккей. 2018 жылғы Әлем біріншілігі. Плей-офф. Финал. Дания

Швеция - Швейцария: Швеция бір шайба айырмашылығымен жеңіске жетеді - 1.5

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или