Әлем чемпионаты: Швеция мықты ма әлде Швейцария ма?

Алдымен ақтық ойынға жолдама алған құрамалармен таныстырайын. Бірінші болып жартылай финалда Швеция құрамасы АҚШ хоккейшілерін 6:0 есебімен тас-талқан етіп, финалға шықты. Ал екінші жартылай финалдық жұпта Канада мен Швейцария құрамалары кездесіп, еуропалықтардың жолы болды. Есеп 2:3
Осылайша, Әлем чемпионатының финалына Швеция мен Швейцария құрамалары шықты. Бұл матч 20 мамырдан 21 мамырға ауған түні Астана уақыты сағат 00:15-де басталады.
Финалдық ойын тартысқа толы болмақ. Дегенмен Швеция қарсыластарына қарағанда бір бас жоғары. Швейцария 2013 жылдан бері Әлем біріншілігінде Швецияны бірде-бір ойында жеңіп көрмеген. Бүгін де швециялық ұжым жеңісті қолдан жібере қоймас. Біздің болжам - Швеция бір шайба айырмашылығымен жеңіске жетеді.
Хоккей. 2018 жылғы Әлем біріншілігі. Плей-офф. Финал. Дания
Швеция - Швейцария: Швеция бір шайба айырмашылығымен жеңіске жетеді - 1.5