Дзюдодан ел чемпионаты Өскеменде өтеді
![Дзюдодан ел чемпионаты Өскеменде өтеді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1384241144_829524322.jpg?v=28696766)
Қарашаның 15-і мен 20-сы аралығында дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты Өскеменде өтеді. Қаланың жаңадан салынған заманауи спорт кешенінде өтетін ел біріншілігіне қатысу үшін Республиканың 14 облысы және екі мегополисінен барлығы 650-ге жуық дзюдошы өтініш білдірді.
Ел біріншілігіне қатысатын әр команданың дзюдошылар саны 2012 жылғы Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша анықталады, деп жазады alasharena.kz.
Нақты айтсақ, өткен жылы Талдықорғанда өткен ел біріншілігінде 1-6 орын алған командалар өз аймақтарындағы чемпионаттарда жүлдеге іліккен балуандарының барлығын қатыстыра алады.
7-10 орыннан көрінген командалар әр салмақта үш балуаннан қоса алады. 11-14 орынды иемденген командаларға екі балуаннан қосуға рұқсат. Ал өткен жылғы ел чемпионатында 15-16 орындардан көрінген екі команданың Өскемендегі ел біріншілігіне әр салмақ дәрежесінде тек бір ғана дзюдошыдан қосуларына мүмкіндіктері бар.