​Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогынан жүлделі оралды

​Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогынан жүлделі оралды

12-13 мамыр күндері Ресейдің Оренбург қаласында дзюдодан ашық Еуропа кубогы өтті, деп хабарлайды prosports.kz сайты дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлемнің 16 елінен 279 дзюдошы, оның ішінде Қазақстан ұлттық құрама командасынан 27 спортшы қатысты. Қазақстандық дзюдошылар екі күндік дүбірлі додада қазақстандық дзюдошылар 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға қол жеткізіп, турнир кестесінде 2 орынға жайғасты.

3d2b0a8c2581f30d148c5c606300b81b.jpg

Жарыстың бірінші күнінде 73 келіге дейінгі салмақта Қазақстан сапынан татамиге шыққан Нұрлан Оразалин қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Ал дәл осы салмақта Нұрлан Оразалинге жартылай финалда жол берген тағы бір отандасымыз Мадияр Сембаев жарыстың қола жүлдесін қанағат тұтты.

Ал бұрымды балуандардан боз кілемде белдескен Назгүл Маратова78 келіге дейінгі салмақта күміспен күптелсе, 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ажар Салықова ел қоржынына екінші қоланы салды.

d5ae12b5e352b7ba027697d210a17bf8.jpg

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или