Тұңғыш Олимпиада чемпионына «Халық қаһарманы» атағы берілсін - Закирьянов

Тұңғыш Олимпиада чемпионына «Халық қаһарманы» атағы берілсін - Закирьянов

Баскетболдан 1972 жылғы Мюнхен Олимпиадасының чемпиондары Әлжан Жармұхамедов пен Иван Едешко Қазақ спорт және туризм академиясының студенттерімен кездесіп, шеберлік  сабағын өткізді. Осы мүмкіншілікті қолданып Қазақ спорт және туризм академиясының басшысы Қайрат Закирьянов мырза  осы күнге дейін қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионына батырға лайық көңіл бөлінбегенін айтып, Қазақстан Республикасының президентіне үндеу жасады.

«Барлығыңыз Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлын білесіздер. Алайда, оған мінезіне байланысты «батыр» атағы берілмеді. Тек 80-ші жылдардың соңында елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Кеңестер Одағының басшысы Михаил Горбачевке хат жазғаннан кейін марқұм атамызға Кеңестер одағының батыры атағы берілген еді. Енді мен елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан Әлжан Жармұхамедовке спорттағы еңбектері мен жетістіктері үшін «Халық Қаһарманы» атағын беруін сұраймын. Себебі ол қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы», - деп сөзін түйіндеді Қайрат Закирьянов.

Естеріңізге салайық, Әлжан Жармұхамедов қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Ол 1972 жылы КСРО сапында баскетболдан Олимпиада чемпионы атанды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или